Қазақстандық «New Aeon» стартапы DLS Global плагиатқа қарсы жаңа IT жүйесін ұсынды. Жаңа DLS Global плагиатқа қарсы жүйесі бірегей тәсілдерінде негізделген, бүгінгі күнде теңдесі жоқ, патенттелген өнім. «ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» аталған жүйені бірқатар сынақтардан өткізіп, бұл өнімді жұмыс үшін ең тиімді деп таныды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми жұмыс бойынша орынбасары – әскери ғылыми – талдау орталығының жетекшісі, полковник Айдар Бердібеков атап өткендей:
«Серіктес ретінде «New Aeon » компаниясын таңдағанымыздың басты себебі -ол отандық стартап және IT технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заманауи стандарттарға сәйкес келетін, барлық қажетті құжаттары бар өнімді ұсынып отыр.
«New Aeon» компаниясымен бірлескен жұмыстың алғашқы күндерінен бастап оның қызметкерлері өздерін адал, еңбекқор және жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті. Болашақта ұзақ мерзімді көптеген бірлескен жобалар жоспарланып отыр, оларды іске асыру әскери қауіпсіздік пен қорғаныс саласында заманауи цифрлық технологиялар деңгейін арттырады».
Жаңа тексеру жүйесінің жұмыс процесі екі кезеңнен тұрады:
- Жүйе күдікті элементтерді анықтай отырып, мәтінді сүзгілер арқылы өткізеді. Қолданыстағы плагиатқа қарсы жүйелерді айналып өту әдістері де ескеріледі.
- Әлемдік мәліметтер базасымен салыстыру және көптілді салыстыру жүргізілуде.
«Плагиат — бұл заңды бұзу ғана емес, сонымен қатар білім беру институттарының, компаниялардың, ұйымдардың және жалпы қоғамның дамуына кедергі. Біздің DLS Global бағдарламасы жұмыс уақыты жылдамырақ, ең жақсы сапаны, қауіпсіз және энергияны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді «New Aeon» стратап жетекшісі Жанна Ақжанова.
ПІКІР ЖАЗУ