Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында (бұрынғы Хутор) шамамен 60 шақты адам жиналып, жұртқа видеоүндеу жазды деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі DALA INSIDE Telegram арнасына сілтеп.
Ауылға қатысты теріс пікірлерге наразы болған олар, қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын ерекше атап өтті. Оқиға орнында патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Жағдай тұрақты. Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады.Видеоүндеуде ауыл тұрғындары ел арасында тараған ауылда "бандитизм" жайлағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.