Атырауда «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмінің тұсаукесері өтті

Атырауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмінің тұсаукесері өтті. 

Аймақ басшысының құттықтауын жеткізген Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Қазақстан халқы Ассамблеясының бір топ мүшелерін марапаттады.

— Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Елбасымыздың саяси ерік – жігерінің арқасында еліміздің аумағында тұратын этностар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей моделі, ерекше сенім, ынтымақтастық және өзара түсіністік қалыптасты.

Елбасының бірлік саясаты негізінде әр өңірде Достық үйлері, «Қазақ еліне мың алғыс» монументтері, мұражайлар және елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту үрдісін бейнелейтін басқа да құрылыстар бар.
Осын-ау уақыт арасында өңірде атқарылып жатқан жобалар аз емес, алайда, алға қарай ілгерілеу қажет, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен бұл жоба танымал журналист Леонид Парфеновтың заманауи травел-танымдық шоу форматында жасалды.

Фильмнің тұсаукесеріне Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.

 

Гүләлия ИГІЛІК.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…