Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Астана қалалық полиция департаменті сілтеме жасап.
Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды (Кісі өлтіру). Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, — деп жазылған ПД таратқан мәліметте.
Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертіп отыр.
ПІКІР ЖАЗУ