Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің оқытушысы

Асхат Аймағамбетов биылдан бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқиды. Асхат Қанатұлы студенттерге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз", - деп хабарлайды Өзгеріс.инфо ақпараттық-талдау порталы университет сайтына сілтеме жасап. Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі. 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.
«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын», - деді Асхат Аймағамбетов.
Барлық жаңалықтар