МАҢЫЗДЫ

Алматыда Жириновскийдің ескерткіші ашылуы мүмкін

Владимир Жириновскийге 2026 жылы ескерткіш ашуды Ресей депутаттары оның 80 жылдығына орай ұсынды, деп хабарлайды ТАСС.

Мерейтойды атап өту туралы құжаттарда Алматы саясаткердің «кіші отаны» деп аталады. Жобаны Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин қадағалайды.

Жириновский 2022 жылғы 6 сәуірде 75 жасында қайтыс болды. Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылғы 6 қарашада Жириновскийдің 80 жылдығын 2026 жылы мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин іс-шараларды дайындау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жетекшісі болып тағайындалды.

Барлық жаңалықтар