Алматыда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 3 қызметкері ұсталды

Фото: inbusiness.kz

Алматыда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 3 қызметкері ұсталды, — деп хабарлайды ozgeris.info ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікке ілінді.

Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...