Жаңалықтар

Алматыда халықаралық іздеудегі ер адам ұсталды

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлады мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметі. 26 жасар Станислав Конаков Ресей ІІМ-не мемлекетаралық іздеу жариялаған. Ер адам есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасады деп күдіктенеді. Сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, алайда күдікті жасырынған.
"Қашқынды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол Алматының ұйықтайтын аудандарының бірінде жасырынған. Айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Барлық жаңалықтар