
Жаңалықтар
ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ «ART-ORDO – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ғ.Мүсіреповтің «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасымен 24-29 қыркүйек күндері аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтетін «ART-ORDO – 2023» халықаралық театр фестиваліне қатысады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Биыл IX-шы мәрте өтетін фестиваль - КСРО Халық артисі, қырғыз халқының көрнекті театр және кино актрисасы Бакен Кыдыкееваның 100 жылдығына арналады.
«АRT-ОРДО» - Орталық Азияның театр кеңістігіндегі жаңашылдық пен сахналық ізденістерді арқау ететін ең беделді халықаралық театр фестивалі.
Фестивальге Әзербайжан, Ресей, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан театрлары қатысады. Әр ел соңғы екі жылда шыққан үздік қойылымдарын ұсынады.
Қаллеки театрының «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» қойылымының премьерасы 2022 жылы өтті. Қоюшы режиссері – Р.Туминастың шәкірті, Е.Вахтангов атындағы Мәскеу академиялық драма театрының режиссері Гүлнәз Балпейісова. Жаңаша үнде көрерменімен қауышқан қойылым «TEATRALL» ІІ халықаралық театр фестивалінде көрсетіліп, театр сарапшыларының жоғары бағасын алды. Спектакль театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижері – «Мәдениет саласының үздігі» М.Мырзақұлова. Композитор – Олег Синкин. Қоюшы суретші - Қанат Мақсұтов. Жарық суретшісі - Нарек Туманян. Хореограф – Ильмира Имангазина. Киім суретшісі – Алма Сырбаева. Спектакльде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Нөгербек, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ж.Ерболат, «Серпер» сыйлығының лауреаттары – Ш.Ордабаев, О.Жақыпбек, актриса А.Жетпісбаева, актер Н.Есен, М.Наменов, Б.Шалқар, С.Анварова, Б.Қалила, А.Мамыр, Ә.Бектас, М.Макибаева өнер көрсетеді. Қойылым Бішкек қаласында көрермен назарына 27 қыркүйек күні ұсынылады.
Фестивальді Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі, Қырғызстан театр қайраткерлерінің одағы ұйымдастырып, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы қолдайды. Фестивальдің мақсаты - театр өнерін насихаттау, жас ұрпақты заманауи сахна өнерінің үздік үлгілеріне тәрбиелеу, театр қайраткерлерінің кәсіби тәжірибесімен алмасуына, олардың қоғамдағы орнын арттыру және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу.
«Art-Ordo 2023» фестивалінің қазылар алқасының құрамында қатысушы елдердің жетекші театр қайраткерлері (сыншылар, театртанушылар, драматургтер, режиссерлер, актерлер мен сценографтар) болады.
Фестивальде «Үздік спектакль», «Үздік режиссура», «Үздік сценография», « Үздік музыкалық сүйемелдеу», «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел рөлі», « Үздік қосалқы актер», «Үздік қосалқы актриса», «Үздік актерлік ансамбль» номинациялары беріледі, «Үздік эпизод», «Үздік дебют», Көрермен сыйлығы» және «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациялары бойынша марапатталады.

-
Астана 2026 жылы жүзуден халықаралық турнир өткізеді
17:27, 29 шілде 2025
-
Алматы облысында жеміс пен көкөніс өңдейтін зауыт салынады
17:02, 29 шілде 2025
-
Жарты жылда 310 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
16:58, 29 шілде 2025
-
«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн теңге айыппұл салынды
16:34, 29 шілде 2025
-
"Бай іздеп жүр": Рүстем Жүгінісов мешітте қысым көрдім деген қыздың өзін кінәлады
15:14, 29 шілде 2025
-
Мемлекет басшысы Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
14:29, 29 шілде 2025
-
-
75 жаңа мамандық пайда болды
12:32, 29 шілде 2025
-
Еуропа Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр
12:11, 29 шілде 2025
-
Тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту қажет – Премьер-министр
11:38, 29 шілде 2025
-
«Жақсы жігіт кездессе...»: Мақпал Жүнісова нені армандайтынын айтты
22:30, 28 шілде 2025
-
-
«Любой» адамды құлатамын»: Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованы орнына қойды
07:25, 29 шілде 2025
-
"Бай іздеп жүр": Рүстем Жүгінісов мешітте қысым көрдім деген қыздың өзін кінәлады
15:14, 29 шілде 2025
-
«Алматы-Бішкек» тасжолында 6 адам қаза тапты
05:11, 29 шілде 2025
-
"Есінен адасып, несие рәсімдеген": Телефон арқылы адамның гипнозға түсетіні рас па?
00:35, 29 шілде 2025
-
Еуропа Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр
12:11, 29 шілде 2025
-
-
Тексеріс басталды: Елімізде заңсыз әкелінген ұялы телефондар бұғаттала бастады
22:54, 28 шілде 2025
-
Жоғалған әскери тікұшақ: іздеуге тағы бес әскери бөлім жұмылдырылды
01:55, 29 шілде 2025
-
-
-
Рөлде өзі болған: Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды
09:34, 28 шілде 2025
-
-
Суық хабар: Еңбек министрінің отбасында қайғылы жағдай болды
05:45, 24 шілде 2025
-
-
Ипотеканы мерзімінен бұрын өтеу тиімді ме? Сарапшы кеңесі
10:59, 24 шілде 2025
-
«Қырғызша ән айтпаса, неге атақ берілді?»: Димаш хейтерлердің сынына үн қатты
07:43, 25 шілде 2025
-
"Тек дәреті барлардың қолын ұстайды": Сәкен Майғазиев әріптесі Мөлдір туралы (ВИДЕО)
15:13, 23 шілде 2025
-
"Менің өгей балаларым": Баян Мақсатқызы ерекше таныстыру жасады (ФОТО)
14:53, 24 шілде 2025
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025
-
Елімізде еңбек кітапшасының күші жойылды
12:42, 14 шілде 2025