Ақтөбеде өртенген трансформатордың ішінен адам денесі табылды, деп жазады ozgeris.info.
Ақтөбе облыстық полиция бепартаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.
«Шағын электр стансанан адам денесі табылды. Осы оқиғадан соң сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, адамды ток соққан», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, осыған дейін Ұлытау облысындағы тас жолда жол апаты болып, салдарынан екі адам көз жұмғаны туралы жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ