Ақмола облысында ауыл тұрғындары салынғанына жыл болған Мәдениет үйінің әлі қолданысқа берілмегеніне ашуланды (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылында 1 жыл бұрын салынған Мәдениет үйі әлі қолданысқа берілмеген. Наразылық білдірген ауыл тұрғындары Мәдениет және спорт министрі Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы және Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлына видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Видеоүндеудің толық нұсқасын ауыл тұрғыны Калиева Махаббат өз парақшасына жүктеген.

Жиналған жұрт көтеріп отырған мәселеге қолдау білдіруді сұрайды.

Ауылымызда мәдениет үйі салынып, қолданысқа берілмей тұрғанына 1 жылдан астам уақыт болды. Тұрғындардың игілігіне салынған бұл ғимарат көз алдымызда тұрғанымен қолымыз байлаулы және себебін де білмейміз. Инстаграм желісіне белгісіз бір блогердің жариялаған видеосы тұрғындар арасында резонанс тудырып, қуанышымызды су сепкендей басты. Салыну барысын тұрғындар өз көздерімен көріп, бүлдіршіндерінің үйірмелерге барып, дамуын қалап еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында елдің дамуына қатысты біраз мәселені қамтып, маңызды бағыттарды тағы бір нақтылап өткен еді. Оның ішінде ауылды жерлердің әлеуетін арттыруға баса назар аударғаны белгілі. Президенттен түскен пәрмен іс жүзінде атқарылып, ауылымыздың көркеюі мен дамуы керісінше оң көзқарасты қамтуы керек. Алайда ауылды жерге мұндай ғимаратты көп көргені ме? Әлі күнге дейін халық игілігіне берілмеді.

Ауыл тұрғындары өте белсенді. Аулымыз толық 100 пайыз сумен, жарықпен қамтылған. Сондай-ақ балалар мен жастар үшін ойын және спорттық алаңдар ашылды. Мектеп жұмыс атқарып жатыр, сол балалар өз бос уақыттарын ары қарай дамытса, болашақта білікті, білгір маман болатындарына сенімдіміз. Бүгінде атынат ат үркитін тұлғаларымыздың көпшілігі дерлік ауылдан шыққаны баршамызға мәлім. Ауыл халқымыз үшін руханиятымыздың темірқазығы емес пе? Ауыл идеологиясы ұлт пен мемлекет идеологиясының мәйегі. Сол себепті біздің ауылдың болашағын назардан тыс қалдырмай, даму барысында керісінше қолдау көрсетсеңіздер екен деп сұраймыз!, — дейді ауыл тұрғындары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Махаббат (@kalieva_mahabbat)