Рамзан Қадыров Путиннен соғысты тоқтатпауды сұрады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
Eadaily.com басылымының мәліметінше, Қадыров Путинге Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды құрту керек деген пікір білдірді.
«Олар Украинаны қорғаймыз дейді. Егер олар Шешенстанды қорғағандай күресеміз десе, барлығы түсінікті. Тек Украинаның тегін нанын жеп, келесі мемлекетке қашып кетеді» дейді Рамзан Қадыров.
«Бас қолбасшы Владимир Путиннен арнайы операцияны тоқтатпауын сұраймын. Біз Украинаны тазартып, босатып жатырмыз. Ұлтшылдарды жою мақсаты іске асуда. Мен Ресей әскерилері де осындай ойда деп ойлаймын. Әскерилер менен операцияны тоқтатпауды сұрауда. Қанға белшесінен батқан Украина билігі біздің әділ талаптармен келіспейді», – деді Қадыров.
“Ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ