Жаңалықтар

Ақтауда төбелес соңы атысқа ұласқан (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Ақтаудың 16-шағын ауданында атыс болғаны туралы мәлімет тарады. Осы оқиғаға қатысты жергілікті полицейлер түсінік берді. Видеодан оқиғаның нақты қай жерде болғанын аңғару қиын. Сонымен қатар төбелес қатысушыларында қарудың болған-болмағаны да белгісіз. Желі қолданушылары бұл оқиға лото клубтың маңында болғанын айтады. Ал полиция департаментінің мәліметінше, онда жедел-тергеу тобы жіберілген. Кейін полиция басқармасына 13 адам жеткізіліпті. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Ал облыстық ауруханаға шағымданғандар болмаған. Аталған іс ҚР ҚК-нің «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді.
Барлық жаңалықтар