Жаңалықтар

54 мың теңгелік тіршілік

Сәуір айында Қазақстандағы күнкөріс минимумы 54 408 теңгеге жетті. Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметіне сүйенсек, көрсеткіш 2%-ға артқан, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бюроның есебіне сәйкес, 18 жастан асқан ерлер үшін минимум – 64 759 теңге, әйелдерге – 51 424 теңге. Балалар мен зейнеткерлер үшін де бөлек есеп бар. Мысалы, 14–17 жас аралығындағы ұл балаға – 68 664 теңге, қыз балаға – 52 614 теңге қажет деп көрсетілген. Өңірлерде де айырмашылық бар. Маңғыстау облысы көш бастап тұр – 63 117 теңге. Ал Қызылорда – ең төмен көрсеткішпен шектелді – 48 477 теңге. Бұл айырмашылықтар өңірлік инфляция мен өмір сүру құнын көрсетуі керек еді, бірақ халықтың нақты қажеттіліктерімен сәйкестігі жиі күмән тудырады. Күнкөріс минимумы – жай ғана статистика емес. Ол жәрдемақы, зейнетақы мен ең төменгі жалақыны есептеуде негізгі көрсеткіш. Сондықтан бұл цифрдың шындыққа жақын болуы – әлеуметтік әділеттіліктің басты шарты. Ал әзірге өзгерген – тек пайыз, тұрмыс емес. Өңірлер бойынша күнкөріс минимумы: – Маңғыстау облысы – 63 117 тг (+1,1%) – Алматы облысы – 58 987 тг (+2,6%) – Астана – 58 011 тг (+1,8%) – ШҚО – 57 794 тг (+1,7%) – Алматы қаласы – 56 833 тг (+3%) – Ұлытау облысы – 55 933 тг (+2,1%) – Ақмола облысы – 54 828 тг (+2,4%) Орташа деңгейден төмен орналасқан өңірлер: – СҚО – 53 509 тг – Абай облысы – 53 499 тг – Қарағанды облысы – 53 307 тг – Шымкент – 53 240 тг – Жетісу облысы – 53 188 тг – Жамбыл облысы – 51 891 тг – Павлодар облысы – 51 741 тг – Түркістан облысы – 51 097 тг – Қостанай облысы – 50 903 тг – Атырау облысы – 50 341 тг – Ақтөбе облысы – 48 791 тг – Батыс Қазақстан облысы – 48 784 тг – Қызылорда облысы – 48 477 тг
Барлық жаңалықтар