🌐 Әлем жаңалықтары

Қытай АҚШ-тан санкцияны алып тастауды талап етті

ҚХР билігі АҚШ-тан РФ-мен жұмыс істегені үшін қытайлық және гонконгтық 20-ға жуық компанияға қатысты санкцияларды алып тастауды талап етті, деп мәлімдеді ҚХР Коммерция министрлігінің ресми өкілі Хэ Ядун.
- АҚШ Ресеймен сауда байланыстарын олардың мүддесі үшін сақтайды, сонымен бірге қытайлық кәсіпорындарға қатысты РФ-мен байланысты санкцияларды қолданады. Бұл қорқыту мен экономикалық мәжбүрлеудің әдеттегі саясаты, - деп мәлімдеді спикер.
Барлық жаңалықтар