МАҢЫЗДЫ

10 жас ғалым президенттен пәтер алды

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау - мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттарын салтанатты түрде табыс етті. Жаңа пәтерлер: ▪️ Абильдина Айназ Қайратқызы - Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры; ▪️ Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы - халықаралық білім беру корпорациясы жалпы құрылыс факультетінің деканы; ▪️ Темірхан Әлия - Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері; ▪️ Құрманов Ерғали Бержігітұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті; ▪️ Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы - А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты зертханасының меңгерушісі; ▪️ Омарова Жансая Бағдатқызы - Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы; ▪️ Бакранов Нұрлан Болатұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бас қызметкері; ▪️ Құлтаева Шынар Мәлікқызы - Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры; ▪️ Байжума Самет - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы; ▪️ Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы - Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы зертханасының меңгерушісі.
Барлық жаңалық