Әйелін аяусыз ұрған дипломат Сәкен Мамаш Астанада қамауға алынды

Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың әйелін жүйелі түрде ұрғаны дәлелденді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Өткен жылы бұрынғы елші кеңесшісіне қатысты жұбайына жүйелі түрде қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар кешені жүргізілді», — делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, жедел тергеу және сараптама нәтижесінде экс-дипломаттың ісіне қатысты айтарлықтай дәлел жиналған.

«Тергеу нәтижесі бойынша күдікті Сәкен Мамашқа қатысты тергеу соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады», — дейді елорда полиция департаментінен.

Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты аталған іске қатысты басқа мәліметтер жария етілмей отыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)