Өздерін автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы сақтандыру компаниясы деп таныстыратын Frееdom Finance банкінің басы дауға қалды, — деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Аталмыш банкке шағымды Threads желісін қолданушы abulkhair9292 түсірді.
“Барлығыңыз мақтап жүрген Frееdom Finance деген осы ма? Мен бір жылға сақтандыру рәсімдеген едім. Алты айдан кейін көлігімді ауыстырып, сақтандыру полисінде көлікті ауыстыруды шештім. Сол кезде көрінбейтін “тұзақтар” пайда болды: полисті қайтадан бір жылға рәсімдеу керек екен, себебі бұрынғысы автоматты түрде күшін жояды. Жарайды, айырмасын қайтарып береміз деп уәде берді. Бірақ ол үшін алдымен толық соманы төлеу қажет екен. Ең қызығы — төлем олардың жүйесі арқылы жасалады, ал ол 25% комиссия ұстайды! Яғни, бұл пайызды толық сомадан алады. Бұл сақтандыру компаниясына жоламаңыздар, ешкімге кеңес бермеймін!”, — деді ол.
Желі қолданушысының бұл сынына Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы Тимур Турлов қысқа әрі түсініксіз жауап берген.
«Комиссия сіздің жеке тәуекел-профиліңізге байланысты болуы мүмкін. Бұл өзгеруі де ықтимал», — дейді кәсіпкер.
ПІКІР ЖАЗУ