Жарық жағып ұйықтайсыз ба?

Йамал қоғамдық денсаулық және медициналық профилактика орталығы жетекшісінің орынбасары, биология ғылымдарының кандидаты Наталья Половодова қараңғыланбаған бөлмеде ұйықтаудың қандай қатері барын баяндап берді, деп хабарлайды «ozgeris.info» «lenta.ru»-ға сілтеме жасап.

Білікті маманның айтуынша, толықтай қараңғыланбаған бөлмеде ұйықтау онкологиялық ауруларға ұрындыруы мүмкін. Олай болатын себебі, адам организмі жарықта биологиялық ырғаққа жауапты мелатонин бөлуді қояды. Міне, осындай себеппен, адам алаңсыз ұйықтауы үшін барлық талапты ескеруі тиіс. Елена Царева есімді невролог, сомнолог  дәрігердің айтуынша, мелатонин қызметінің бұзылуы мен қатерлі ісіктің пайда болуының арасында байланыс бар.

— Ұйқы гормоны мелатонин қараңғыда бөлінеді, ал айнала неғұрлым жарық болса, оның бөліну деңгейі де соғұрлым төмен болмақ,- деді ол.

Осылай деген дәрігер алдымен адамның психикасы, содан соң ас қорыту және жүрек-қан тамыр жүйелерінің зардап шегетінін, егер мұндай жағдай қайталанса (жарықты жиі ұйықтау) онкологиялық ауруға шалдығу қатері артатынын алға тартты.

 

 «ozgeris.info»