Қоғам

Түркістанда 280 мың құсқа арналған фабрика салынады

Түркістан облысында құны 2,5 млрд теңге болатын заманауи құс фабрикасы салынады. Жоба Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жүзеге асады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

2025 жылы іске қосылатын “Eco-Chiken” ЖШС-ның құс фабрикасы 280 мың бас құс ұстауға есептелген. Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы құс етімен қамтып, өнімін өзге өңірлерге де жеткізуді көздеп отыр.

Аталған жоба – Сауран ауданын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі. Жалпы бағдарлама аясында өңірде құны 16,4 млрд теңге болатын тағы 13 ірі жоба іске асырылып жатыр.

Айта кетейік, құс шаруашылығын дамыту Қазақстанның бірнеше өңірінде қатар жүруде. Мәселен, Қостанайда жылына 50 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынуда. Бұл жоба канадалық инвестиция есебінен жүзеге асып жатыр.

 

 

Барлық жаңалық