Жәнібек Әлімханұлы 1,5 миллион долларлық айқастан бас тартқаны үшін сынға қалды

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Boxingscene басылымы орта салмақта Хамза Шираздың жетістіктеріне ерекше тоқталған. Басылым оның өткен демалыс күндері Тайлер Денниді нокаутпен жеңгенін алға тартқан. Қазір британиялық боксшының еншісінде 21 жеңіс болса, соның 17-сін ол нокаутпен аяқтады. Одан қалды айқас «Уэмбли» стадионында өтті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Boxingscene Хамзаның жақын және алыс қашықтықта сауатты жұдырықтасып қана қоймай, орта дивизионның Жәнібек Әлімханұлы, Карлос Адамес және Эрисланди Лара секілді жұлдыздарының есігін еш қаймықпастан қағып тұрғанын тілге тиек еткен.

Мақала авторы «қазақ стилінің» Шираздың ұсынысынан бас тартқанына таңғалған. Дегенмен Жәнібектің өзі ешқандай да ұсыныс түспегенін айтып еді.

«Қазақстандық Әлімханұлы (15-0, 10 нокаут) бұл мәліметті жоққа шығарса да, Брэдли инсайдерлермен сөйлескенін және Әлімханұлының лагері 25 жастағы Ширазбен жұдырықтасу үшін 1,5 миллион долларлық ұсыныстан бас тартқанын растап отыр. Соның орнына ол 4 қазан күні Сиднейде Андрей Михайловичпен айқас өткізіп, IBF атағын қорғайды. Басты үміткер ағылшын Шираз болып табылатын WBO бұл жекпе-жекті титулды қорғау айқасы деп танудан бас тартты», — делінген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Чикаго опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны