Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде жаңа вирустың таралуы туралы сыбыстарға түсінік берді. Qazaq Airan-ға берген сұхбатында бұрынғы министр мұндай сыбыстарды алғаш рет естіп отырғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сұхбат барысында жүргізуші экс-министрге кейінгі кездері қоғамда қарашада вирустың жаңа түрі өршитініне қатысты тараған ақпараттың қаншалық шындыққа жанасатынын сұрады. Сыбыста фармкомпаниялар бір жақпа майды жаппай сатып алып жатқаны, коронавирус кезінде бірінші кезекте өкпеге зиян тисе, бұл жолы денеге жара шығатыны айтылады.
«Шынымды айтайын, бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Сіз халықтың, мамандардың арасында тараған ақпарат дейсіз, бірақ мұндай сыбыс болса, мен білетін едім. Маған бұл туралы ешкім айтқан жоқ. Жалпы бұған сену қиын. Өйткені ол жақпа маймың вирусқа қарсы әсері жоқ. Адамның денесіне, терісіне жара шықса, иә, көмектеседі. Ал эпидемия қарсы мүмкіндігін ойласақ, екіталай. Мұндай ескерту де жоқ. Мен әрине эпидемиология саласында маман емеспін, бірақ мұндай хабар әлі естімедім, — деп жауап берді ол.
Оның айтуынша, тері жарасы кезіндегі жақпамайдың пайдалы қасиеттеріне қарамастан, оны вирустармен күресте пайдалану мүмкін емес. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-ның Марбург вирусы туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде.
Ақпарат massaget.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ