Спорт

Жәнібек Әлімханүлының жекпе-жегінде жұдырықтасатын боксшылардың есімі белгілі болды

5 сәуір күні Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысатын барлық боксшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес (https://boxrec.com/en/event/915006), бокс кешінде жалпы 10 жұп былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Басты жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды. Сонымен қатар, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (19-0, 13КО) Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилемен (18-2, 12КО) қолғап түйістіреді. Бокс кешінің андеркарды төмендегідей: Батыр Жүкембаев VS Кейн Гарднер; Баходир Жалолов VS Игорь Шевадзуцкий; Отабек Холматов VS Джейсон Кэной Манигос; Балауса Муздиман VS Мария Тереза Пинили; Махмұд Сабырхан VS Николас Тордецилла; Төрехан Сабырхан VS Джири Хауке; Әлішер Әбдуәлім VS Ашиш Чоудхари; Ақниет Әлімбай VS Джозеф Дубский.
Барлық жаңалықтар