Жаңалықтар

Yandex, Jusan, inDrive, BI-Group қосылған құн салығынан босатылған ба?

Astana Hub кәсіпкерлік стартаптарды қолдауға арналған проект. Ақпараттық технологиялар саласында дамып келе жатқан және Astana Hub қатысушысы болып табылатын компаниялар корпоративтік салықтан 20%, қосылған құн салығынан 12%, жеке табыс салығынан 10%, әлеуметтік салықтан 9,5% және басқа да салықтардан босатылады. Astanahub.com сайтында байқағанымыздай, қолдауды қажет ететін жаңа стартаптар ғана емес, сондай-ақ ірі кәсіптер де проект қатусышысы аталды. Олардың ішінде: Kaspi, Yandex, inDrive, Freedom Mobile, BI-Group, Jusan Bank. Бұл компаниялар қолдауға мұқтаж шағын бизнестер емес екені анық. Соған қарамастан ірі компаниялар 20% қосымша құн салығынан босатылмақ.
Барлық жаңалық