✅ Пайдалы

Ұлттық қордан балаларға түскен ақшаны қалай тексеруге болады?

Баланың болашағы үшін мемлекет ойлап тапқан бірегей бағдарлама - "Балаларға арналған ұлттық қор". Биыл бұл жоба бойынша балаларға тиесілі сома – 890 млн доллар. Әр баланың шотына кемі 128 доллар түсуі тиіс. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 долларға артық. Ал оны қалай тексеруге болады? Ozgeris.info зерттеп көрді. Өсім ұлттық қордың инвестициялық табысының жақсы нәтижелерімен түсіндіріледі. Соңғы он айда Ұлттық қордың инвестициялық табысы 5,3 миллиард доллар болды. Ақша түскенін қалай тексереді?
  1. Баланың ЖСН-ін көрсетіп, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады;
  2. Балаға есептелген қаражат туралы мәліметтерді egov.kz порталындағы жеке кабинеттен және Halyk және Kaspi.kz қосымшаларынан анықтай аласыз.
Бала 18-ге толса не істеу керек? 2025 жылы 18 жасқа қадам басқан баланың жинақ шотына ақша түсіп қойды. Оның ақшасын тексеру үшін:
  • kz сайтындағы жеке кабинет;
  • БЖЗҚ мобильді қосымшасы;
  • kz порталы арқылы.
Қаражатты кәмелетке толғанда пайдаға жаратуға мүмкіндік бар?
  • Тұрғын үйді жақсартуға;
  • Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге;
  • Білім алу ақысын төлеу;
  • Шетелдік білім беру ұйымдарына ақы төлеуге болады.
Егер бала қандай да бір себептермен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың тізіміне енбесе, мынадай құжаттар мен деректерді тексеру қажет:
  • балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
  • жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т. А. Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
  • "электрондық үкімет" веб-порталындағы "Цифрлық құжаттар" (Отбасы) бөлімінде өзінің Жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуы, тіркелуі және дұрыстығы. Бұл ресурста бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады.
Ақшаны қалай алады?
  1. Кәмелетке толған азамат онлайн-өтінім беруі керек;
  2. Ол үшін уәкілетті оператордың (Отбасы банк, тоғыз коммерциялық банк және «Қазпошта» АҚ) сайтына кіресіз;
  3. Содан соң оператор БЖЗҚ-ға өтінімді тіркеу туралы хабарлама жібереді. БЖЗҚ бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторда ашылған шотқа ақша аударуға тиіс.
Барлық жаңалық