«Төсекке таңылдым»: Белгілі әнші түсінде Мұқағалиді көріп есін жиғанын айтты

Танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды, деп хабарлайды ozgeris.info.

“Жол апатына 40 жасымда түстім. Оң аяғымның еті жыртылып кеткен. Төсекке таңылып, үш ай жаттым. Одан кейін операциядан кейін тағы үш ай күтінуге тура келді. Қазір есептеп отырсам, екі жылдай оңалуға уақыт кетіпті. Тіл-көз де болған шығар. Сол кезде мен көп дүниенің қадірін білдім. Өмірге қайта келгендей болдым. Бұрын ешкімді жамандамай, дұшпанымды жауға қалдырмайтын адам едім. Одан кейін тіпті періште болдым. Осы күнге дейін ешкімге ауыр сөйлеп, қарғап көрмедім. “Бақыт” деген әнімнің мағынасын сезіндім. Мен түнде жол апатына түстім. Дәрігерлер түнгі үште ота жасады. Сол кезде мен “Тездетіп бітіре салыңыздар, ертең концертім” деп айттым. Алда мені не күтіп тұрғанын білген жоқпын. Өз бетіңше бет жуып, тамақ ішу – бақыт екен”, – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесінің төсектен тұруына ақын Мұқағали Мақатаевтың аян бергені себеп болған.

“Жол апатына дейін “Мен деп ойла” мен “Бақыт деген…” әндерді жарыққа шығарып үлгердім. Екеуі де – Мұқағалидікі. Ақтөбелік талантты композитор Бақтығали Жұмалин Алматыға келіп, эстрада әншілерімен жолыққысы келді. 30-ға жуық әншілер ұсыныстан бас тартты. Мен ғана жеті әнін таңдап алдым. Бірі – Мұқағали атамыздың “Бақыт деген…” әні болды. Бұл тегін емес. Аурухана төсегінде жатқанда Мұқағали атамыз менің маңдайымнан сыйпап, “Тұра ғой, әніңді шырқа” дегендей аян берді. Сол кезде халыққа екі ән де кеңінен таралып жатқан еді”, – деді мәдениет қайраткері.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...