«Төрт баласымен күйеуге шықты»: Меруерт Түсіпбаева құрбысынан мотивация алғанын айтты

Фото: instagram

Қазақстанның танымал әншісі, актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева «Жұлдыз ФМ» радиосының 10 жылдық мерейтойына қонақ болып келіп сұхбат берді, — деп жазады ozgeris.info.

Меруерт Түсіпбаеваның 2025 жылға қандай жоспары бар? Шығармашылықтан бөлек жеке өмірінде өзгерістер өрбіп жатыр ма?, деген Massaget.kz сауалына әнші төмендегідей жауап берді.

«Мен Жаңа жылда күйеуге тигім келеді. Бұл сөзімді желіде де жариялаған едім. Өйткені менің жақын араласатын бір құрбым төрт баласымен қайтадан тұрмыс құрып жатыр. Ресми түрде сөз салып, сырға салып, жаңа өмірге қадам басып жатыр. Мен ол құрбым үшін шынайы қуаныштымын, тілектеспін. Бұл маған мотивация болды. Менің жүрегім де, басым да бос», — деді ол.