🏛️ Саясат

Тоқаев: Экспорттың басым бөлігі әлі де көмірсутекке негізделеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев катарлық Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында еліміздің сыртқы саудасында көмірсутек экспортының үлесі әлі де айтарлықтай екенін атап өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Біз прагматик болуымыз керек. Мен Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын бұған дейін айтқанмын. Бұл – біздің әлеуетіміз бен мүмкіндіктерімізге сүйенген, жүзеге асыруға болатын нақты бағдарлама деп есептеймін», – деді Тоқаев.

Ол қазіргі таңда елімізде энергия тұтынудағы көмірдің үлесі 73% екенін айтты.

«Әрине, біз көмірден бір күнде бас тарта алмаймыз. Дегенмен, бізде мұнай секілді табиғи ресурстар бар. Ал уран өндіру бойынша Қазақстан әлемде бірінші орында. Дүниежүзілік нарықтағы уранның 40%-ы біздің елден экспортталады», – деп нақтылады Мемлекет басшысы.

Барлық жаңалық