Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткеннен кейінгі әрекеті туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
– Сіз тұңғыш президенттің қызметін, оның елге сіңірген тарихи еңбегін әділ бағалау қажеттігін бірнеше рет айттыңыз. Көпшілік мұндай ұстанымның орынды екенін біртіндеп түсіне бастады. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлымен жиі хабарласып тұрасыз ба? – Кез келген дәуірдің жақсы жағы да, көлеңкелі тұстары да бар. Біздің жаңа тарихымызда жарқын сәттер әлдеқайда көп болды. Бұл – ақиқат. Салыстырмалы түрде алғанда, қысқа мерзім ішінде мемлекеттігіміздің берік тұғыры қалыптасты, билік институттары құрылды, жаңа астанамыз бой көтерді, шекарамыз шегенделіп, заң жүзінде бекітілді. Көптеген елмен тиімді қарым-қатынас орнатылды, экономикаға шетелден инвестиция тартылды. Осы жетістіктің бәрін жоққа шығару дұрыс болмас еді. Біз әділетті мемлекет құрамыз десек, тарихқа да, оны жасауға атсалысқан азаматтарға да әділ қарауымыз керек. Мұның бәрі, түптеп келгенде, ұлттың болашағы үшін қажет. Өткенді ой елегінен өткізіп, оны әділ әрі шынайы бағалай алмасақ, алға сеніммен қадам баса алмаймыз. Саяси ахуалдың ықпалымен өз тарихыңды көпе-көрінеу бұрмалай беруге болмайды. Ел шежіресін басынан бастап қайта жазу тіпті қауіпті. Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жыл бойы ел тізгінін ұстаған уақытта кемшіліктер болды. Бірақ ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Ашығын айту керек, ол отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылықты сақтай бермейтін. Мұны да айта кеткен жөн. Үнемі Премьер-Министрді, Ұлттық банктің төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізетін. Бұған өз азаматтарымызды былай қойғанда, шетел басшылары мен дипломаттары да таңдана қарайтын. «Назарбаев қызметінен кеткен соң тіпті жоғарылады, енді Президент те оған бағынады» деген әзіл әңгіме де пайда болды. Ал, шын мәнінде, бұл әзілдейтін жағдай емес еді. Бұл жағдай қосарланған билік туралы алып қашпа әңгіменің өршуіне әкеп соқты. Шенеуніктер де кабинеттен кабинетке жүгіріп, кімнің тапсырмасын орындайтынын білмей дал болатын. Ол аз десеңіз, кейбір шенеуніктер «Елбасы институты Президент билігінен жоғары тұруға тиіс» деп, ақылға сыймайтын жағдайды заң жүзінде негіздемек болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2021 жылғы қарашада өткен Astana Club жиынында 92 жастағы Махатхир Мохамадты мысалға келтіріп, өзінің Ақордаға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеуін және бұрынғы президенттің сол жылы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің саммитіне қатысуын нағыз билік дағдарысына әкеп соқтырған негізгі оқиғалар деуге болады. Соның алдында ғана жергілікті бір саясаттанушы оған «Елбасының алтын дәуірін» қалпына келтіру үшін батыл шаралар қабылдау қажеттігін айтып, арандатушылық мазмұндағы хат жолдаған еді. Алайда қазір парасаттылық танытып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген тарихи еңбегін лайықты бағалау керек. Мен Президент ретінде мемлекет мүддесін басшылыққа алуға, ел бірлігін бәрінен биік қоюға міндеттімін. Сіздің сұрағыңызға келсек, қазір біз шамамен айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз. – Жақында тұңғыш президенттің Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездесуін жұртшылық сан-саққа жүгіртті. Биліктен кеткеннен кейін бес жылдан соң бұлай жүздесудің ақылға сыймайтыны айтылды. Қазақстанда алдағы уақытта Президент сайлауы өтеді-міс деген болжамдар да пайда болды. Мұндай кездесу кімге және не үшін қажет, бұған кім бастамашы болды? Сіздің пікіріңізді білсек. – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды, деді Мемлекет басшысы.-
Маңғыстауда сарбаздың өліміне кінәлі шекара басшысы екі жылға сотталды11:27, 04 сәуір 2026
-
Министр Ержан Саденов Алматыдағы резонанстық жол апаты бойынша мәлімдеме жасады10:27, 04 сәуір 2026
-
Ақтөбелік өзін атқан полицейді кешірді09:14, 04 сәуір 2026
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 сәуір 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 сәуір 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 сәуір 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 сәуір 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 сәуір 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 сәуір 2026
-
-
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 сәуір 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 сәуір 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 сәуір 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 сәуір 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 сәуір 2026
-
Министр Ержан Саденов Алматыдағы резонанстық жол апаты бойынша мәлімдеме жасады10:27, 04 сәуір 2026
-
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың үкімі қайта қаралатын болды15:04, 03 сәуір 2026
-
Алматы облысында жол опырылды: қозғалыс уақытша шектелді14:29, 03 сәуір 2026
-
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026
-
-
-
"Асырап алған": Олжас Абай мен Дариға Бадықова қолдарында сәбимен көзге түсті (ВИДЕО)10:08, 30 наурыз 2026
-
-
"4 жылдан бері ұйқы жоқ, түнімен жылаймын": Блогер Ырысбала жан сырын ақтарды (ВИДЕО)09:44, 29 наурыз 2026
-
"Сәкеннің тоқалы": Сәкен Майғазиев тоқал келіншектің үстінен арыз жазған (ВИДЕО)14:55, 30 наурыз 2026
-
-
-
"Айқайламаңыз маған!": Құлыбаевтың әкесі Мақпал Жүнісоваға дауыс көтерген09:29, 11 наурыз 2026
-
"Димаштың әкесі сотқа берді": Белгілі блогер күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:36, 12 наурыз 2026
-
-
-
"Тоқалды қаламасаң да алады": Сәкен Майғазиевтің жары шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:23, 19 наурыз 2026
-
Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құдаласты17:40, 22 наурыз 2026
-
"Өз жолыңды біл!": Кенжебектің әйелі келінге тілек айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)15:33, 26 наурыз 2026
-
«МашАлла мен Әлхамдулилласыз да өмір сүрдік»: Баян Мақсатқызы даулы мәлімдеме жасады12:38, 18 наурыз 2026
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026
-