Қазақстандық әнші Тамара Асар күйеуі мен қызының жылы отбасылық суреттерін көрсетті. Ол сондай-ақ үйлену тойының тар шеңбер ішінде қалай өткенін еске алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Фотосуреттер отбасылық демалыс кезінде түсірілген. Тамара Асар жаңа жазылушылармен қоштасып, тіпті өз жек көретіндеріне алғыс айтты. Ол өзінің тосын үйлену тойын еске алды. Болашақ күйеуі танысқаннан кейін бір аптадан соң әкесінен Тамара Асардың қолын сұраған.
«Жүрекжарды шынайы әңгімені шымшытырыққа айналдырып, хит болатынын қиып алып,НӘНН әріптермен тақырыпты бетіне жазып,ол түрлі түсті комменттермен гүлденіп,қаралым күшейіп,қисық переводтармен, қиқар сайттар өзара алып қашқанда ғана “Рейтинг” ризашылығына ие болары анық.Контент пен рейтинг қазір кейіпкерден маңызды!Осының арқасында әнімді де,сәнімді де, мені мүлдем танымайтын жандар маған оқырман болып, инста парақшама жазылып,тик-токтан мені іздеп,маған қызығушылық танытып жатқандар:Қош келдіңіздер,Жеті күнде “Той үстінде тәтті күндер- деп айқай той жасап, үйленіпті мыс” -деп таң қалып, “мүмкін емес, өтірік,фантазиясы мықты екен, аяғым жоқ,аяғым жұлынғанада пакетке салып,машинаның артына лақтырып жібердім”-деп соғып, өтірік айтып қуып еді, енді былай деп шықты”- деген сыртымнан негатив сын әңгімені снарядтың оғындай жаудыртып жатқандар үшін.
Иә,бәрі мүмкін, бәрі РАС!!! ШүкірТанысар сәтте “қандай әдемі әйел,мына әйелге мен үйленем” -деп айтып қалған сөзінің соңынан жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн яғни қасымда отырып,әкем тірі кезі еді, оған онлайн видеозвонокпен шығып “Біз үйленіп жатырмыз”-деді.Әкем рұқсатын берді.Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді.Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып жария қылмадық. Анамның талабы солай болды.Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды.Менің туыстарым да, оның туыстары да,бірге жанында жүрген дос-жұмыстастары да бұл жайында білмеді.Тойымыз 5 адаммен,құдалығымыз 6 адаммен өтті.Тіл-көзден, кесе көлденеңнен аман болсын отбасымыз Шүкір.БАПАСЫ молодец.Қысқаша мәлімет осы ұзақтау бүге-шүгесі қызықтырса кітабымнан оқып аларсыздар…Жақсылық айтсаң да,жамадық айтсаң да айналып айтқан адамның өзіне қайтып келіп дәл тиетіні ХАҚ.Мен сіздерді жақсы көремін,құрмет тұтамын. Арамызда түсіністіктің көпірі аман болсын деп жазып отырмын…Әйел әлемінде ТАМАРА АСАР ютюб каналыма кіріп қарасыңыздар болады»,-деп жазды Тамара Асар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ