Жаңалықтар

Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді.

[caption id="" align="aligncenter" width="740"]Тоқаев Фото: Ақорданың баспасөз қызметі[/caption]

"Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды", - делінген хабарламада.

Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар