Білім және ғылым
Тоқаев инклюзивті білім беру туралы заңға қол қойды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Бұрған дейін ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытатын білім беру ұйымдары бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдеуі тиіс екені хабарланған. Мұндай жаңашылдық Парламент депутаттары қабылдаған инклюзивті білім беру мәселелері жөніндегі заңда жазылған.
Заң нормалары арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді және білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысын реттейді. Бұдан басқа, құжат білім беру ұйымдары басшыларының білім беру мекемелеріне мүгедектігі бар балаларды қабылдау қағидаларын бұзғаны немесе олар үшін жағдай жасамағаны үшін жауапкершілігін белгілейді.
Сондай-ақ, заңда психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация бағдарламаларын іске асыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына қосу үшін әмбебап көзқарас қарастырылған.
Барлығы төрт заңға: "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"; "Білім туралы"; "Бала құқықтары туралы"; "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
-
Қарағандыдан Астанаға бара жатқан жолда апат: екі адам оқиға орнында қаза тапты
15:28, 12 шілде 2025
-
Рұқсатсыз жұмыс істеген мейрамхана жұртты улады
14:38, 12 шілде 2025
-
«Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым»: Тұрсынбектің «екінші» әйелі үндеу жасады
13:02, 12 шілде 2025
-
-
Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады
17:12, 11 шілде 2025
-
Атырауда көкөніс теруге 500-ден астам шетелдік жұмысшы келді
16:52, 11 шілде 2025
-
«Балаңызбен тұра алмайсыз»: Ефремова жарыс алдында қиын жағдайға тап болды
16:30, 11 шілде 2025
-
Енді интернетсіз де сөйлесуге болады
16:24, 11 шілде 2025
-
Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болып тағайындалды
16:00, 11 шілде 2025
-
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025
-
-
-
Интернетте де жауапкершілік бар
09:09, 09 шілде 2025
-
-
"Осы күнге жеттік": Елдос "Колобок" сәби сүйетінін жылап тұрып сүйіншіледі (ВИДЕО)
19:51, 07 шілде 2025
-
-
-
«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы атқарған істерін тізіп шықты (ВИДЕО)
10:39, 09 шілде 2025
-
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025
-
"Діңкілдеп сөйлегенді көрсетемін": Елдос "Колобок" ашулы жазба жариялады
09:08, 11 шілде 2025