✅ Пайдалы

Телефонды бас жаққа қойып ұйықтау қаншалықты қауіпті?

Телефонды түн ортасына дейін қарап, тіпті таң атыратындар көп. Оның адам денсаулығына кері әсері, көз жанарына зияны бір бөлек. Өміріңізге қауіп төндіруі ықтимал. Өйткені смартфонды қуаттап бас жаққа қоятын жандарда табылады.  Ozgeris.info тілшілері тақырыпты зерттеп көрді. Негізі телефонды қуаттап ұйықтау қатты қауіпті емес. Өйткені, заманауи смартфондар мен олардың қуаттағыштары артық қысым мен жанып кетуден сақтайтын функцияға ие. Сондықтан өрт шығу қауіпі жоқ десек болады. Адамдар жасайтын ең басты қателік – телефонды жастықтың немесе жамылғының астына, денесіне жақын жерге қою. Бұл жылуды таратуға кедергі жасап, сапасыз арзан дүниелерді қолданғанда қызып, өртену қауіпін арттырады. Кейде кабельді үзіп тастауыңыз мүмкін. Тіптен мұның соңы қысқа тұйықталуға әкеп соқтырады. Қауіп-қатерді азайту үшін қарапайым ережелерді сақтаңыз:
  • Телефонды үстел секілді қатты, әрі ашық заттың үстіне қойып қуаттаңыз;
  • Жастық пен көрпенің астына немесе жанында қалдырмаңыз;
  • Тек сапалы, сертификатталған зарядтағыштар қолданыңыз;
  • Кабельді үзіп алмау үшін ұйықтайтын жеріңізден алыс ұстаңыз;
  • Егер аккумулятор ісініп, қыза бастаса телефон күдік тудырса – зарядтауды тоқтатып, маманға көрсетіңіз.
Ал сіз ұйықтағанда телефоныңызды қайда қоясыз?
Барлық жаңалық