Қоғам

Таразда үш апалы-сіңілі шешелерінен қалған үйді бөлісе алмай, соттасқан

Тараз қалалық соты шешелерінен қалған мүлікті бөлісе алмаған апалы-сіңілілердің ісін қарады, деп хабарлайды turkystan.kz. Үш қыз әке-шешелері қайтыс болғаннан кейін қалған үйді бөлісе алмаған. Сотта олар медиациялық келісімге келді. Татуласу нәтижесінде олар пәтерді үшке бөлетін болды. Қыздардың біреуі өз үлесін сіңілісіне 3 млн теңгеге беретін болып келіскен. Сот бұл келісімді бекітті. Тараптардың келісімге келуіне байланысты іс өндірісі тоқтатылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Барлық жаңалық