Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиевтің әйелі, биші Анель оқырмандарына қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Анель әкесіне жаңа көлік сыйлағанын айтты.
«Бүгін Алланың қалауымен әкеме көлік сыйладым. Әкем мәз болып жүр. Бір керемет мәтін жазып, қудырта алмайды екенмін, әйтеуір ризамын», – деп жазды ол.
Анельдің оқырмандары оның мұндай қымбат сыйына қызығып, қуанышын бөліскен.
«Осылай сый жасау бұйыртсын», «Сен өте еңбекқор адамсың, жарайсың Анель», «Сіңлім, мен саған ризамын. Қазақтың қызы сендей-ақ болсын», – деп жазды оқырмандар.
ПІКІР ЖАЗУ