Жаңалықтар

Талдықорған маңында жер сілкінісі тіркелді

Талдықорғаннан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 15:58-де тіркеліп, бастапқыда магнитудасы 4,6 деп бағаланған, кейін 4,3-ке түзетілді. Қазақстан ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық орталығы зілзала ошағы Талдықорғаннан 12 шақырым солтүстікте орналасқанын нақтылады. Сілкініс төмендегідей сезілді:
  • Талдықорған және Балпық би – 4 балл,
  • Қарабұлақ пен Үштөбе – 3 балл,
  • Текелі және Сарыөзек – 2 балл.
Зардап шеккендер мен зақымдану туралы ақпарат нақтылануда.
Барлық жаңалық