Отандық танымал әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова жолдасының видеосын жариялап, оны жас әнші арудан қызғанып қалғанын айтты. Блогер бұл тұрғыда оқырмандарының көмегіне жүгінді, деп жазады ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Фариза Жұманова Instagram-дағы парақшасында күйеуі Абай Бегей жариялаған видеоны бөлісті. Бейнежазбада өнер иесінің әнші арумен мерекелік шарада ән салып жатқанын көруге болады. Олар бүгінде хит болып жатқанын «Үрбибі» әнін орындаған. Аталмыш дуэт кеш қонақтары мен желі қолданушыларының көңілінен шыққан. Олар әншілердің өнеріне тәнті болып, жылы лебізін білдіруде.
Алайда бұл шығармашылық байланыс Абай Бегейдің келіншегіне ұнай қоймаған. Фариза Жұманова желіде күйеуін қызғанып қалғанын айтып, оқырмандарының көмегіне жүгінді. Блогер оларға жолдасына әйелі бар екенін ескертіп қоюын сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Тақсырды мына қыздан қызғанып бара жатырмын. Желіде әйелі бар екенін белгілеп, есіне салып қойыңыздаршы», — деп жазды әншінің келіншегі.
ПІКІР ЖАЗУ