28-30 наурыз аралығында ТҮРКСОЙ ұйымы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған Бурса қаласында 2-диаспора форумын, екінші диаспорааралық тәжірибе алмасу бағдарламасын және Наурыз мерекесін ұйымдастырады, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.
Халықаралық шара ТР Мәдениет және туризм министрлігі – Шетелдегі түркілер және туысқан қауымдастықтар төрағасы (YTB), TDT мүше мемлекеттердің диаспорасына жауапты мекеме басшылары, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлер, ғалымдар және БАҚ-тың қатысуымен өтеді.
Форумға қатысатын делегация құрамында «Отандастар Қоры» КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Отандастар Қоры» КЕАҚ Жобалар координаторы және тарих ғылымдарының докторы Қалыбек Қобландин, білім бағыты бойынша Жобалар координаторы Дидар Болат, «Шетелдегі отандастарды қолдау» дерпартаменті директорының орынбасары Серік Әбдуәлиев, кәсіпкер Сырымбек Тау, Қырғыз Республикасынан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілі Гиулшат Асылбаева, Швециядан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілі Мұрат Ирмиш бар.
Түркі мемлекеттері ұйымының 2-ші диаспора форумы диаспора саласындағы маңызды оқиғалардың бірі,. Сондай-ақ, іс-шара YTB басшылығы мен «Отандастар» қоры арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына бірден-бір себеп болмақ.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ