Сұхбат
Шетел асқан ақшаларды қайтару оп-оңай - Экономист
Қазақстандағы ауыс-түйіс, жаңа партиялар, шетел асқан ақшалар, жұмыссыздық, жаңа үкімет тақырыбында ozgeris.info порталының тілшісі Інжу Өмірзақ белгілі экономист Жанұзақ Әкім мырзамен сұхбат жүргізді.
-Үкімет басында ауыс-түйіс боп, парламент өзгеріп, мегаполистің әкімі ауысып біраз толқулар орын алды. Жалпы бұл ауыс-түйістер түйілген бума мәселені шеше ала ма?
-Жаңа үкіметтің сайланғанына бір ай болды. Әлі нақты қадамдар жасалмады. Маңғыстау мұнайшылары қайтадан ереуілге шығып жатыр. Мәселені құр сөзбен шешкеннен ештеңе шықпайды, нақты іс керек.
Мысалы, Ресейдің өзінде шенеуніктердің саны бізге қарағанда 2 жарым есеге аз. Ал, Ресей бізден тіпті он есеге дейін үлкен ел ғой. Шенеуніктердің көптігінен елдің мәселесі шешілмей, керісінше зияны тиіп отыр. Сайланудың өзі де шығын...
Қаңтар айында елімізден 6 млрд долларға дейінгі қаражат елден шығып кетті. Ұлттық банкпен қоса, қаржы моноторингтері осыны қатаң бақылауы тиіс еді. Көзге анық көрініп тұрған, түсінікті мәселелердің шешімі әлі табылмай жатыр.
Мысалы, Маңғыстаудың өзінде қазір 9 мың адам жұмыссыз. 60 мың ғана халқы бар...
Президент елді тұрақтандырып, өзі тұрақталып, елді басқарамын десе іске кірісу қажет. Сәуір айында Тоқаевтың сайланғанына да үш жыл уақыт болады. Ал халықтың кедейленуі осы үш жылда 30%-ға өскен. Жұмыссыздық 37%-ға өсті. Бұл статистика, оны алдай алмайсың.
Әр шенеунік өз міндетін адал, толық атқарулары тиіс. Дағдарысты, жұмыссыздықты, халықтың ашынуын тоқтатқымыз келсе, жай ғана күн сайын жоспар арқылы іске кірісуіміз керек.
-Жайлы орынға жайғасқандар тағы да өзіне ұнамды адамдарды билік басына әкеледі деп ойламайсыз ба? Бұл тұрғыдан арнайы “туған-туыс, дос-жаранды жақындатпау” туралы жарғы керек пе?
-Мемлекеттік қызметкердің әдебі деген кодексте осыған қатысты барлығы жазылған. Конкурс өткізу керек. Мемлекеттік тілде тест тапсыру керек, және оны тәуелсіз комиссия бақылау қажет.
Жалпы алғанда, депутат болсын, әкім болсын оны халық сайлауы керек. Барлық ұлттық компаниялар мемлекеттік экономиканың флагманы ғой. Ал бұрынғы отырған шенеуніктер соның барлығын тақырға отырғызды.
Елмен, қоғаммен санасуды үйрену керек. Ұрлықты, жемқорлықты көре отыра, бірінің үстіне бірін қоя бергеннен не өзгереді?
-Мемлекеттік тілді тексеру туралы тестті айта кеттіңіз. Жалпы шенеуніктерге арналған мұндай тест жүйесі бар. Бірақ тапсырып жатқандары шамалы. Бұл сонда заңға бағынбау ма?
2012 жылы мемлекеттік тілді барша жұртқа тарату туралы қаулы шықты. Мақсаты 95% қазақстандықтар тілді білу керек. Өздері заң шығарып, өздері оны орындамай отыр. Қазақ тілі - қазақ халқының, қазақ жерінің иесі һәм киесі.
1994 жылы Әбілов, Әблязов бастаған 97 кәсіпкер қазақ тіліне қарсымыз деп қол жинады. Қазақ осылардың барлығымен ұйықтап қалмай күресу керек.
Егер тағы да ұйықтар ел болсақ, жағдай түк өзгермейді. Ештеңені күтпей, іске кірісу керек. Енді үміт артып күтетін болсақ, осы жауыздықтың бәрі әр қазақ отбасын айналып өтпейді.
Мәселе елді бүлдіру емес, біріктіруде жатыр. Сайланған шенеуніктерге бірқатар талап қою керек. Ал талап орындалмаса, орнын босатсын.
Қазақ халқының мәдениетінің төмен екені кейбір адамдардың қылықтарынан білінеді. Жағымпаздану, мақтау деген дүние сіңіп кеткен. Пайғамбарға теңеп, құдайға теңеп, күнге теңеп, ақыры өзіміз опық жедік.
Үкімет халыққа қызмет етіп үйренуі керек.
-Белсенді Санжар Боқаев «Намыс» атты жаңа партия құрды. Өзгертеміз, жаңа реформа құрамыз дегендей қылды. Негізі құрылған партиялар елге қайырымы бар өзгеріс әкеле ала ма?
Партияның да бір партиясы бар. Олар диктаторлар режимінің қолшоқпарлары. Елге қызмет жасамайды.
Боқаев бұрын экономикалық сараптамалар жасап, жақсы жүр еді, соңғы уақыттарда боғы бұзылды. Ол адам емес, маймыл жүрген. Оның құрған партиясына халық қарсы болуы керек.
2016 жылы жер дауы кезінде «Бірлік» деген партия болды. Өз позициялары жоқ болғаннан кейін, олар құр орын көбейткеннен пайда әкелмейді. Жаңадан, халықтың арасынан шыққан, адал, ел жағдайын ойлайтын адамдардан құрылса, орынды болар.
Эмоцияға беріліп, тым аңқау болмауымыз қажет. Ешкімге сенбеу керек. Айтқан сөзі мен істер ісін бақылаудан өткізуіміз тиіс. Уақытында баға берілуі керек. Сенгіш халық, аңқау халық түбінде надан кейпіне түседі. Ал надан халықты басқару билікке оңай.
Ел боламыз десек, тізгінді өзіміз қолға алуымыз қажет, бұдан артық жол жоқ.
Халық аш болса, құл болса, ол бас көтере алмайды.
-Шетел асқан ел ақшаларын елге қайтару барысында қандай нақты қадамдар жасалу қажет?
-Қайтару оп оңай. Арнайы заң шығаруы керек. Еуроодақпен келісім, жалпы халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, әрекет жасалса ақша елге бірден қайтады.
Оны тексеруге тағы екі ай уақыт берді. Ол екі айдың ішінде шетелдегі ақшалар бір жағына ығысып кетеді. Американың конгресі бірден мәлімдеме жасады. АҚШ терреториясындағы барлық банктегі ақшаларды Қазақстанға ашып береміз деді. Барлығы келісіп, жариялап отыр. Ендігі қалған әрекет бізден.
-Елдің экономикасын дамыту деп жар салып жатыр. Жар салып жатқанымен, зар еткендердің қатары әлі азаяр емес. Жақында Қазақстанның кедейлік деңгейі әлем бойынша ең кедей ел Нигериямен бірдей деген ақпарат шықты. Соншалықты тақыр кедей елміз бе?
-Енді біз одан артық қайда барамыз? Қайта соған қуануымыз керек. Норвегияны армандап жүргенде Нигериядан бір шықтық...
Сұхбаттасқаныңызға рақмет!
-
-
«Қуаныш Шонбай алаяқтардың атасы»: заңгер инфосығандардың құпиясын ашты
21:55, 10 шілде 2025
-
Олигархтардан қайтқан бренд алқалар қанша тұрады?
17:31, 10 шілде 2025
-
Ақтөбеде екі келін ата-енесінің үйінде шаш жұлысып, айыппұл арқалады
17:29, 10 шілде 2025
-
Павлодар тұрғыны автоцистернаға құлап, тұншығып қайтыс болды
16:44, 10 шілде 2025
-
Көпбалалы ер адам отбасының жиған-тергенін ұрлап, ұлының қалыңдығымен қашып кеткен
16:33, 10 шілде 2025
-
Астанада 24 жастағы жігіт Оқу-ағарту министрлігін өртемек болды (ВИДЕО)
15:22, 10 шілде 2025
-
-
Ақтауда 11-қабаттағы балконда ойнаған балалар жұрттың үрейін тудырды (ВИДЕО)
14:16, 10 шілде 2025
-
Амир Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды
12:59, 10 шілде 2025
-
-
-
-
Ақтөбеде екі келін ата-енесінің үйінде шаш жұлысып, айыппұл арқалады
17:29, 10 шілде 2025
-
-
Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді
11:48, 10 шілде 2025
-
Астанада 24 жастағы жігіт Оқу-ағарту министрлігін өртемек болды (ВИДЕО)
15:22, 10 шілде 2025
-
«Дінге тыйым салынады»: Елімізде спортшылардың этикасы бекітілді
12:17, 10 шілде 2025
-
Астана тұрғынының үйін рұқсатсыз бұзған
12:05, 10 шілде 2025
-
Көпбалалы ер адам отбасының жиған-тергенін ұрлап, ұлының қалыңдығымен қашып кеткен
16:33, 10 шілде 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Жақсы баланы бүлдірген әкесі": Төреғалидің сахнадан кетуінің себебі айтылды (ФОТО)
09:00, 04 шілде 2025
-
-
"Тұрсынбектің екінші әйелімін": Кәсіби психолог күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
09:09, 09 шілде 2025
-
-
"Осы күнге жеттік": Елдос "Колобок" сәби сүйетінін жылап тұрып сүйіншіледі (ВИДЕО)
19:51, 07 шілде 2025
-
-
«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы атқарған істерін тізіп шықты (ВИДЕО)
10:39, 09 шілде 2025
-
«11 жыл күткен бөпе»: Тамара Асар қуанышты жаңалығын жария етті
06:00, 09 шілде 2025
-
-
Бұлт артынан шыққан күн: Тұрсынбектің әйелі сүйінші сұрады (ВИДЕО)
14:29, 03 шілде 2025
-
Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)
11:29, 03 шілде 2025
-
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Дарынсыз адам": Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды (ВИДЕО)
12:00, 04 шілде 2025
-
"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың басы дауға қалды
09:00, 03 шілде 2025
-
"Ауырып қалмаса болар еді": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді
17:13, 02 шілде 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025