Шавкат Рахмонов 80 мың теңгеге жекпе-жекке шығатын қарсылас іздеп жатыр

Фото: Getty Images

UFC жауынгері Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі ресми парақшасында әзіл аралас сурет жариялап, көпшілікті күлкіге қалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі ресми парақшасына тосын сурет жариялады. Ол 80 мың теңгеге жекпе-жекке шығатын қарсылас іздеп жатқанын жазды.

«80 мың теңгеге жекпе-жекке шығатындар бар ма?» — деп жазған Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирі аясында өтеді және әлі жеңіліп көрмеген қос файтер бес раунд күш сынасады.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!