Шахматшы Бибісара Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фото: vesti.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды «ozgeris.info» «orda.kz»-ке сілтеме жасап. 

«Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара 17 жасында осы ұйымның арнайы сертификатына ие болды» делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Ұйымның ресми құжатында «әйелдер арасында блиц бойынша ең жас әлем чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген» және «2021 жылы Варшавада (Польша, 2021 жыл 30 желтоқсан) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында 17 жас 307 күнде жеңіске жетті» -делінген.

Одан кейін Ассаубаева «блиц» бойынша бірінші орын алып, әйелдер арасында әлемдік шахмат тарихындағы ең жас шахматшы атанды.

Сондай-ақ, осы чемпионатта Бибісара жылдам шахматтан (Рапид) 2 орынға ие болды. Шешуші ойындарда Бибісара тәжірибелі грузин шахматшысы, гроссмейстер Нана Дзагнидзені, жерлесі Әсел Серікбайды жеңіп, халықаралық чемпионаттың жеңімпазы гроссмейстер Александра Костенюкпен тең түсті.

«Қазақстанның шахмат тарихындағы ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы, әлем жеңімпазы Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасындағы халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021)» — деп хабарлады Мәдениет министрлігі.

 

«ozgeris.info».