Семейде жарық ақысын қолдан қымбаттатқан саяжайлар 25 млн теңге айыппұл төледі

 Абай облысында жарық ақысын қолдан қымбаттатып, халыққа шығын келтірген саяжай кооперативтеріне 25 млн теңге айыппұл салынды.

Облыс прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың арызынан кейін «Семей.Мұрат.Сенім» және «Бобровка» саяжай кооперативтеріне тексеру жүргізілген.

«Соның нәтижесінде, олардың тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз монополиялық қызметті жүзеге асырғаны, электр энергиясының тарифтерін асыра белгілегені анықталды. Нақты айтқанда, энергия өндіруші кәсіпорынның электр энергиясын 1 кВт үшін 14, 202 теңгеден сатып алған кооперативтер оны 1 кВт үшін 18 теңгеге сатқан (4 теңгеге қымбат)», — делінген ақпаратта.

Осылайша 8,5 мыңнан астам тұрғын жарыққа артық шығындалды.

Ал саяжайда тұратындардың арасында әлеуметтік тұрғыда осал санаттағылар көп.

«Абай облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне қадағалау актісі ұсынылып, кооперативтерге ӘҚБтК-нің 164-бабы 3-бөлігі бойынша жалпы сомасы 25 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар облыстық соттың заңды күшіне енген шешімімен кооперативтер таратылып, олардың заңсыз әрекеттері тоқтатылды», — делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!