МАҢЫЗДЫ

Сапарбаевтың жиені басқаратын Түркістан әкімдігі 13,5 млн теңгеге көлік сатып алмақ

Түркістан қаласының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар порталында құны 13 500 000 теңге болатын автокөлікке тапсырыс берді. Техникалық сипаттамалар бойынша бұл көлік 2025 жылғы Hyundai Elantra болуы мүмкін — 1.6 MPI қозғалтқышы, 6 сатылы автоматты беріліс қорабы, ал алдыңғы жетегі мен отын багының көлемі басқа баламалармен салыстырғанда дәл келеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Еске сала кетейік, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бұл лауазымға осыдан жарты жыл бұрын ғана тағайындалған. Ол — еліміздегі белгілі саяси тұлғалардың бірі, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевтың жиені.

Ол бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін басқарған. Сол қызметінде жүрген кезінде:

«2025 жылы Қазақстан халқы 100% сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі», – деп сенімді түрде мәлімдеген болатын.

Алайда, елдің кей аймақтарында әлі күнге дейін таза ауызсуға қол жеткізе алмай отырған ауылдар бар. Мұндай жағдайда қымбат көлікке қаржы бөлу — қоғамда орынды сұрақтар туғызуда.

Бұл сатып алуға қатысты әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ. 

Барлық жаңалық