Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы жаңа құрылым – Ұлттық инвестициялық қызмет орталығын басқарады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«1. Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құру. 2. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады», — делінген Үкіметтің өкімінде.
Бекітілген регламентке сәйкес, орталық қызметіне жалпы басшылықты премьер-министрдің бірінші орынбасары жүзеге асырады. Бұл лауазымды қазір Роман Скляр атқарады.
ПІКІР ЖАЗУ