«Қазақстанның солтүстігіне Ресейдің тарихи құқығы бар»: Журналист Дмитрий Стешин өз пікірін айтты (ВИДЕО)

Фото: © Pavel Kashaev / Global Look Press

“Комсомольская правда” тілшісі Дмитрий Стешин Ресейдің Қазақстанға “тарихи құқығы” бар екенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Newsweek басылымына сілтеп.

2023 жылғы 18 сәуірде “КП” радиостанциясына берген сұхбатында жүргізуші Иван Панкин одан Украина мен Қазақстандағы жағдайды салыстыруды сұрады.

Жүргізуші Ресейдің Қазақстанның солтүстігін “украиналық сценарий” бойынша алғысы келеді деп ойлайтындар бар ма деп сұрағанда, Стешин:

– Ресейдің бұл жерлерге тарихи құқығы бар, – деп жауап берді (33:28).

Ол бұл аймақтың өндірістік өңір екенін және ондағы қалаларды Ресейдің ата-бабалары салғанын алға тартты.

– Неге біз бұл қалаларды 1991 жылы оларға (Қазақстанға – ред.) сыйладық

? – деді журналист (35:04).


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец