Бұл туралы 18 ақпанда жарияланған Ресей Федерациясы үкіметінің бұйрығында айтылады.
Құжатқа сәйкес, газ құбырының өткізу мүмкіндігі — 10 миллиард текше метр, ал компрессорлық станциялардың қуаты — 50 МВт.
Түмен облысында магистральдық газ құбыры салынып кейін Қазақстанға экспортталады.
2024 жылы шілдеде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет солтүстік және шығыс өңірлерге газ жеткізудің екі нұсқасын қарастырып жатқанын мәлімдеген: бірі – «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын ұзарту, екіншісі – Ресей газ құбырын салу арқылы қамтамасыз ету.
2021 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандырудың маңызы туралы мәлімдеген болатын. Газбен қамту бұл өңірлердің өнеркәсіптік дамуын жеделдетіп, оларды бизнес жүргізу және өмір сүру үшін тартымды етеді.