Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды аяқталды, деп хабарлады ozgeris.info.
Талқылау жабық есіктің артында өтті және үш сағаттан астам уақытқа созылды. Кездесу барысында тараптар бір үзіліс жасады.
« Үшінші раунд аяқталды. Гуманитарлық дәліздердің логистикасын жақсартуда аздаған оң өзгеріс бар. Негізгі саяси ережелер блогы, сондай-ақ атысты тоқтату және қауіпсіздік кепілдіктері бойынша қарқынды консультациялар жалғасады. Әзірге жағдайды айтарлықтай жақсартатын нәтижелер жоқ. Десе де, келіссөздер жалғасады және біз нәтижеге қол жеткіземіз», — деді Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк.
ПІКІР ЖАЗУ