Қазақ тіліндегі нұсқаулықпен сатылған дәрілерді қабылдаған ресейлік әйелдер кері әсерін айтып, денсаулықтары нашарлағанын айта бастады. Дәрілер еттеккір кезіндегі ауырсынуды басуға, тері жағдайын жақсартып, гормоналды теңгерімді реттеуге көмектесуі тиіс болған. Алайда дәл осы дәрілерді қабылдаған әйелдерде қан кету, қатты ауырсыну, қан қысымының көтерілуі сынды жанама әсерлер пайда бола бастаған.
Қыздардың айтуынша, нұсқаулығы қазақ тілінде шығарылған дәрілерден осындай мәселелер туындап отыр. Алдында тек орыс тілінде сатылатын дәрілерден мұндай кері әсерлерін байқамаған.
[caption id="attachment_40793" align="alignnone" width="328"]
«Қазақ тілді қаптамадағы дәрілерді қабылдаған соң көңіл-күйім өзгере бастады, кеудем үлкейе бастады, бүкіл денемде қатты бөртпелер пайда болды, ішімнің төменгі бөлігі ауырды. Мен «Клайре»-ні бір жарым жылдан бері қолданамын. Бұл маған толығымен сәйкес келетін жалғыз дәрі, біз оны дәрігермен таңдадық. Қазір неміс қаптамасында шығарылатын дәріні табу мүмкін емес болып қалды. Сол себепті алдын ала сатып алуға мәжбүр болдым», - деді Алесса «Вестям.Томск» сайтына берген сұқбатында.
Дәріден зардап шеккендердің қатары артып келеді. Жаппай шағымдардан соң «Аптека.ру» сайтында дәрінің рейтингі төмендеп кеткен.
"Қазақ тіліндегі қапатамадағы «Клайра» дәрісін қабылдағанның алтыншы күні қан кетіп, тоқтамады. Гинеколог маған қан тоқтататын басқа дәрі жазып берді. Дәрігердің айтуынша, аталмыш дәріден зардап шеккен жалғыз мен емес. Дегенмен денсаулығым жақсарады деген үміттемін. Бұл таблеткалардың ішіне не қосқанын білмеймін», -дейді Мария ресейлік сайтқа берген сұқбатында.
Ғаламтордағы пікірлерден соң бірнеше зардап шегуші қыз дәріханалар өкілдеріне хабарласып, мән-жайды анықтауға тырысқан. Олар препараттың құрамын тексеру үшін фармакологиялық сараптама жүргізетіндерін жеткізген.
«Бұл дәріні маған дәрігер ұсынды. Интернетке кіріп қазақ тіліндегі нұсқаулар туралы пікірлерді оқып шықтым. Енді не істейтінімді білмеймін, бұл таблеткалардың аналогтары жоқ», - дейді Вероника.
Көпшілік дәрілердің қолдан жасалуы немесе өндіру әдісінің өзгеру мүмкіндігін алға тартады.
[caption id="attachment_40794" align="alignnone" width="300"]
Ал өндіруші бұл айыпқа не деп жауап берді?
Препаратты шығаратын «Байер» компаниясы шағымдарға жауап беріп, дәрінің формуласы өзгермегенін мәлімдеді.
«Препараттың қаптамасы […] ЕАЭО талаптарына сәйкестендіру аясында жаңартылды, өзгерістер 31.05.2023 жылдан бастап күшіне енді. Өзгерістер, атап айтқанда, картон кітапша-кітапшаның ішкі жағына әсер етті, онда өзгерістер енгізілгеннен кейін мәтін болмаған. Препараттың құрамы өзгеріссіз қалды», – деп хабарлады «БАЙЕР» АҚ.