1 наурыздан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілеуді тоқтатты. «Курсив» түрлі банктердің жылдық депозиттеріне қатысты өзекті шарттарды зерттеп, банкке 1 млн теңге салғанда қанша табыс табуға болатынын есептеп шықты.
1 млн теңге салсаңыз, қанша табыс табуға болады?
- Home Credit Bank – «Сберегательный акционный» депозиті (ГЭСВ 17%, күн сайынғы капитализация). Табыс: 169 956 тг. Минималды сома: 100 000 тг.
- Freedom Bank – «Капитал» депозиті (ГЭСВ 15,7%, ай сайынғы пайыз есептеу). Табыс: 157 320 тг. Минималды сома: 500 000 тг. Кэшбэк: 1 млн теңгеден жоғары салымға 10 000 тг.
- Altyn Bank – «Резерв» депозиті (ГЭСВ 16%, ай сайынғы капитализация). Табыс: 160 410 тг. Минималды сома: 10 000 тг.
- Nurbank – «Нур Алтын Сберегательный» (ГЭСВ 15,9%, ай сайынғы капитализация). Табыс: 158 922 тг. Минималды сома: 5 000 тг.
- Bereke Bank – «Bereke депозит Kүн Сайын» (ГЭСВ 15,9%, күн сайынғы капитализация). Табыс: 156 560 тг. Минималды сома: 5 000 тг.
- Bank RBK – «Safe» депозиті (ГЭСВ 15,8%). Табыс: 158 000 тг. Минималды сома: 15 000 тг.
- Eurasian Bank – «TURBO Deposit» (ГЭСВ 15,7%, ай сайынғы капитализация). Табыс: 156 882 тг. Минималды сома: 1 000 тг.
- Halyk Bank – «Максимальный» депозиті. Табыс: 150 399 тг. Минималды сома: 15 000 тг.
- ForteBank – ГЭСВ 14,9% (жартылай шешуге болады). Табыс: 149 355 тг. Минималды сома: 1 000 тг.
- Банк ЦентрКредит – «Рахмет» депозиті (ГЭСВ 14,9%, ай сайынғы капитализация). Табыс: 149 342 тг. Минималды сома: 500 000 тг.
Kaspi мен Jusan 6 айға ғана депозит ашатындықтан, олардың жылдық табысын нақты есептеу мүмкін емес.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру