Елдегі электр желілерінің орташа тозу деңгейі 72%-ды құрайды. Бұл электр энергиясының едәуір жоғалуына және тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз етуге әсер етеді. Бұл мәселені қалай шешетіні және оған қанша қаражат жұмсалатыны туралы CMN.KZ тілшісіне ҚР Энергетика министрлігі түсіндірді.
Министрліктің мәліметінше, желілердің тозуын азайту жоспары келесідей:
«Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» жобасы аясында 77,5 мың км электр желісін жаңғыртуға 2,8 трлн теңге қарастырылған. Бұл 2029 жылға қарай желілердің орташа тозуын 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді (2025 ж. – 67%, 2026 ж. – 62%, 2027 ж. – 57%, 2028 ж. – 52%, 2029 ж. – 45%)», – деп хабарлады министрлік.
ПІКІР ЖАЗУ